15
май
2026
Ата-аналар жиналысы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөліміне қарасты №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 2026 жылдың 14 мамыр күні Қордай аудандық қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Балтабай Бекзат Қайратұлының және мектеп директоры Болатбек Динара Болатбекқызының қатысуымен 5 «Ә» сынымен ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында мектеп инспекторы ата-аналарға оқушылардың сабаққа қатысуы, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігі және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесі туралы айтты. Заң талаптарын түсіндірді, олардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме жүргізді. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірді. Жол қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік сияқты тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орталығына (кафелер, саябақтар, компьютерлік клубтар) және табиғатқа шығу (маевка) тыйым салынатыны туралы ескертілді. Табиғат аясында демалу кезінде ата-ананың рұқсатынсыз шықпау, төтенше жағдайлардың алдын алу және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.