21
апрель
2026
«Заң және тәртіп» қағидасы аясында 8-11 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөліміне қарасты №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 2026 жылдың 21 сәуір күні Қордай аудандық қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Балтабай Бекзат Қайратұлының және Қордай аудандық жастар орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы Дархан Ринатұлының қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидасы аясында 8-11 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында, буллинг және кибербуллинг, интернет алаяқтық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.