Профилактикалық әңгіме » СШ №3 им. Абая
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 5-22-63
Есепші бөлімі:
+7(72636) 5-22-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Профилактикалық әңгіме
08
май
2026

Профилактикалық әңгіме

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөліміне қарасты №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 2026 жылдың 08 мамыр күні 8-11 сынып оқушыларымен Қордай аудандық қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Балтабай Бекзат Қайратұлының қатысуымен және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Әңгіме барысында мектеп инспекторы оқушыларға заң талаптарын түсіндірді, олардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме жүргізді. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірді. Жол қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік сияқты тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орталығына (кафелер, саябақтар, компьютерлік клубтар) және табиғатқа шығу (маевка) тыйым салынатыны туралы ескертілді. Табиғат аясында демалу кезінде ата-ананың рұқсатынсыз шықпау, төтенше жағдайлардың алдын алу және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.