23
апрель
2026
буллинг және кибербуллингтің алдын алу мақсатында 5–7 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөліміне қарасты №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 2026 жылдың 23 сәуір күні буллинг және кибербуллингтің алдын алу мақсатында 5–7 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Іс-шара Қордай аудандық қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Балтабай Бекзат Қайратұлының қатысуымен мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Профилактикалық әңгіме барысында инспектор оқушыларға заң талаптарын түсіндірді, олардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме жүргізді. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірді. Жол қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік сияқты тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ мектептегі бейнебақылау камералары тексерілді.