Профилактикалық әңгіме » СШ №3 им. Абая
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 5-22-63
Есепші бөлімі:
+7(72636) 5-22-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Профилактикалық әңгіме
19
май
2026

Профилактикалық әңгіме

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөліміне қарасты №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 2026 жылдың 19 мамыр күні Қордай аудандық қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Балтабай Бекзат Қайратұлының және Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы Васильева Зинаида Витальевна қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Профилактикалық әңгіме барысында оқушыларға 2025-2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау мен мектеп бітіруші түлектердің аттестат алуы бойынша мына жағдайларды ескертті.
1) Мектеп бітіруші 9, 11-сынып түлектері мен 4-сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинауға тыйым салынады.
2) Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға тыйым салынады.
3) Мектеп әкімшілігі мен педагогтерге қандай да бір сыйлықтар беруге тыйым салынады.
4) Оқушыларды «Соңғы қоңырау» іс-шарасының өткізілу тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы;
5) Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың заңды өкілдерінсіз автокөлік шеруіне шығып, ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға, табиғатқа шығу (маевка) баруына тыйым салынатындығы ескертілді.