30
январь
2026
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай «Өмірі – бізге өнеге» атты тәрбие сағаты
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің кітапханасында мектеп жанындағы интернат оқушыларымен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай «Өмірі – бізге өнеге» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың өмір жолы мен ел дамуына қосқан үлесін таныту, оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушыларға Дінмұхамед Ахметұлының өмірбаяны, қызмет жолы, ел басқарудағы даналығы мен қарапайым болмысы туралы мәліметтер ұсынылды. Танымдық бейнематериалдар көрсетіліп, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, тарихи тұлғаның өнегелі өмірінен тағылым алды.
Тәрбие сағаты оқушылардың тұлғалық дамуына оң әсерін тигізіп, елге қызмет ету, адалдық пен жауапкершілік секілді құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталды.