16
ноябрь
2025
Ф.Оңғарсынова шығармашылығы бойынша әдеби круиз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің кітапханасында Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған
«Сиқырлы поэзия» атты әдеби круиз ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ақынның өмір жолы, әдеби мұрасы жайлы тың мәліметтер ұсынылып, оқушылар ақын поэзиясының сырлы әлеміне саяхат жасады.
Іс-шараның мақсаты Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқушыларды поэзияның рухани тереңдігімен таныстырып, көркем сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар оқушылардың әдеби талдау дағдыларын дамыту және ұлттық әдеби мұраға деген құрметін қалыптастыру.«Сиқырлы поэзия» атты әдеби круиз оқушылардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын оятып, оларды жаңа әдеби әсерлермен байытты. Шара барысында оқушылар өлеңдерді мәнерлеп оқып, ақынның позыялық әлемін жаңаша қырынан таныды. Іс-шара өз мақсатына жетіп, оқушылардың әдеби білімін кеңейтуге және поэзияға деген сүйіспеншілігін нығайтуға ықпал етті.