23
январь
2026
«Мен оқыған бір кітап» атты танымдық іс-шара
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп кітапханасында 2026 жылдың 23 қаңтар күні «Мен оқыған бір кітап» атты танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған көркем шығармалар туралы ой бөлісіп, кітаптың мазмұнын баяндап, кейіпкерлерге мінездеме берді. Сонымен қатар кітаптан алған әсерлері мен өмірлік маңызын айтып, бір-біріне кітап оқуға қызығушылық тудырды.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығарманы талдап айтуға үйрету, сөздік қорын молайту, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту және кітапты рухани тәрбие көзі ретінде насихаттау.