Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жылдығына орай «Оян, қазақ!» таным сағаты » СШ №3 им. Абая
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 5-22-63
Есепші бөлімі:
+7(72636) 5-22-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жылдығына орай «Оян, қазақ!» таным сағаты
26
ноябрь
2025

Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жылдығына орай «Оян, қазақ!» таным сағаты

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің кітапханасында 2025 жылдың 26 қараша күні Алаштың көрнекті қайраткері, ақын-жазушы, публицист Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жылдығына орай «Оян, қазақ!» таным сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Міржақып Дулатовтың шығармашылығын кеңінен насихаттау, ұлттық сананы ояту, оқушылардың рухани білімін арттыру болды. Таным сағаты барысында ақынның өмірі мен еңбегі таныстырылып, өлеңдері оқылды. Шара оқушыларға рухани құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын көрсетті.