Ең көп оқитын сынып » СШ №3 им. Абая
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 5-22-63
Есепші бөлімі:
+7(72636) 5-22-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ең көп оқитын сынып
20
октябрь
2025

Ең көп оқитын сынып

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің кітапханасында 2025 жылдың 20 қазан күні
«Ең көп оқитын сынып» жобасы аясында 9 «В» сынып оқушыларының қатысуымен іс-шара өтті.

Іс-шара барысында оқушылар қазақ халық ауыз әдебиетіне арналған шығармаларды оқып, мазмұнын талдап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Оқылған шығармалар қатарында: «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер Төстік», «Асан Қайғы туралы аңыздар», «Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би шешендік сөздері» және басқа да халық мұралары бар.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының бай фольклорлық мұрасын таныту.