16
ноябрь
2025
М.Ғабдуллин кітап көрмесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің кітапханасында Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай «Батырдан қалған ой жазба» атты әдеби-танымдық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде жазушы, ғалым, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы, ерлікке толы қызметі және әдеби шығармалары таныстырылды. Оқушылар батырдың ел үшін жасаған еңбегі, оның қалдырған рухани мұрасы мен құнды ой-толғамдары жайында кеңірек мәлімет алды.
«Батырдан қалған ой жазба» көрмесі жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлік пен батырлықты құрметтеуге тәрбиелеп, тарихи тұлғаларды тереңірек тануға мүмкіндік берді.