Хаттама
Хаттама
№3 Абай құнанбаев атындағыМатематика пәні бойынша
орта мектебіаудандық семинар
Қатысқаны:
Күн тәртібінде:математика пәні бойынша аудандық семинар қорытындысы.
Тыңдалды:
1.Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық оқу бөлімінің әдіскері
Сатова Н.С. семинардың өткізілу мақсаты мен міндеттеріне тоқтала келіп, жаңартылған білім мазмұны талаптарыныңбірі -оқушыға білімді өздігінен меңгеруінее жағдай туындатып, оқушылардың білімге құштарлығын ояту екенін атап өтті. Осы орайда аудан мектептеріндегі жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде ұйымдастырылып отырған семинарда 3 ұстаз5,8,11- сыныптарда ашық сабақ көрсетсе, бір жас маман сыныптан тыс іс-шара көрсетті,-деп келесі сөзді өз ойларын ортаға салу үшін семинарға қатысушыларға берді.
2.Шортанбаева Г.Д.: Менің 8-сыныпта өткізген ашық сабағымның тақырыбы: «Квадраттық функция анықтамасы, қасиеттері мен графигі ».Оқу бағдарламасына сәйкес мен сабақтың мақсатын «Квадраттық функция анықтамасы мен қасиеттеріне сүйене отырып алгоритм құру арқылы графигін салу» деп белгіледім. Сабақтың өн бойындағы іс-әрекет пен таңдалған әдіс-тәсілдердің барлығы оқушылардың квадраттық функциялардың графиктерін салыстырмалы түрде жылжыту, сығу, созу арқылы салуды үйретуге бағытталып құрылды. Жаңа тақырыпты меңгеруде оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастырдым. Оқушыларға постермен, (АКТ) видео-материалмен, кестемен жұмыстар ұсынылды. Сабақта ҚБ-дың «Шапалақ», «Дескриптор арқылы бағалау», «Мадақтау» т.б. әдістері қолданылды. Сабақ соңында оқушылар өзін-өзі дескриптор арқылы бағалап рефлексия жасады. Сабақ кезеңдері арасында сергіту мақсатында «Қандай ағашты таңдайсыз?» тренингі арқылы оқушыларға алға ұмтылушылыққа мотивация берілді. Сабақ өз мақсатына жеткенін оқушылардың тапсырмаларды орындауы мен ой тұжырымдауларынан, өзіндік рефлексия жасауларынан көрдім.
3.Қойғараева А. №5 мектеп : Маған Шортанбаева Гулнапис Дастаевнаның өткізген сабағы керемет ұнады. Гулнапис Дастаевна өз сабағын оқушылардың назарын шоғырландыру үшін «»Ширату жаттығуынан бастағаны орынды болды деп ойлаймын. Мұғалім оқушылардың ынтасын сабаққа аударды және өтілген тақырыпты да ұтымды қайталатып өтті. Жаңа тақырыпты меңгеруде АКТ-ны тиімді пайдаланды. Балалар өз жауаптарының және ой тұжырымдауларының қаншалықты дұрыс екенін видео-материалмен салыстармалы түрде пайымдай алды. Гулнапис Дастаевнаның оқушыларды ҚБ ретінде стикерлерге жазылған сөздермен бағалауы да ұнады. Әр оқушының алдында мұғалімнің берген бағасы олардың сабақта белсенді жұмыс жасауына стимул болды деп ойлаймын. Сөзімнің соңында осындай тартымды сабағы үшін Гулнавпис Дастаевнаға рахмет айтқым келеді.
4.Сембаева Г. №2 мектеп: Біз Гулнапис Дастаевнамен жаңартылған бағдарлама бойынша 2 апталық курста бірге оқыдық. Мен бүгін Гулнапис апайдың сабағына қатысып отырып сол курста өткен теориялық материалдардың практика жүзінде іске асуын көргендей болдым. Олай дейтін себебім, сабақтың басы, ортасы, соңы деп негізгі үш кезеңді атайтын болсақ, сол әр кезеңдегі оқушы мен мұғалім іс-әрекеті ретімен жүйелі бірін-бірі толықтыра отырып орындалғанын көрдім. Сабақтағы оқушылардың ой тұжырымдауы, топта бірлескен жұмыс атқарудағы іс-әрекеттері, постермен сауатты түрде жұмыс жасауы олардың сабақта білімді өз беттерімен меңгеруге төселгендіктерін аңғартады. Әсіресе «Bilim-land» сайтынан алынған видео-материалды сабақтың басында 3 минут тыңдау арқылы оқушылар өздерінің алдағы орындайтын тапсырмаларына бағыт алды, қандай ізділікпен тақырыпты меңгеретіндіктерін болжамдап алды. Өзі көп сөзбен уақыт алмай тыңдатып, көрсетіп одан кейін өздеріне жасатып мұғалі сабақ мақсатына үлкен шеберліпен жетті деп ойлаймын. Сабағыңызға үлкен тахмет.
5.Баймұханова В.А.: Мен 11-сыныптағы сабағымды жоспарлауда оқушылардың есеп шығару шеберліктерін дамыту мәселесіне көңіл аудардым. Логарифмдік теңдеудерді шешу жолдарын меңгерту үшін көптеген әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Жоғарғы сынып оқушылары болғандықтан «Bilim-land»сайтынан алынған жұмыс парағын да орынды қолдандым. Оқушыларға есеп шығарып және оны өздерінің тексеріп, қателерін түзетулеріне мүмкіндік бердім. Дескрипторлар арқылы оқушылар өздерінің жұмыстарына баға берді. Сабақ мақсатына жеттім деп ойлаймын.
6.Бекмолда А.№1 мектеп: Мен Баймұханова В.А.-ның сабағы жайлы айтар болсам, маған сабақ ұнады. 11-сынып оқушылары болғандықтан олар өз алдарына мақсат қоя біледі. Есеп шығаруда шешімін тауып қана қоймай шешу жолына ұтымды түсінік те бере алады. Сабақтағы оқушылардың белсенділігі өте жоғары болды. Сыныптағы оқушылардың барлығы жұмыс жасады. Әсіресе оқушылар жеке жұмыс жасауға төселгендіктерін байқадым. Олар сабақтың соңында дескриптор арқылы өздерін бағалап рефлексия жасау арқылы сабақ мақсатына жеткендігін көрсетті. Мұғалімге ұсынысым тек сабақта постермен оқушыларға жұмыс жасатуда уақытты тиімді падаланса деп ойлаймын. Жалпы сабақ жақсы, маған ұнады.
7.Утеубаева Ж.: Вера Ақылбековнаның сабағы маған ұнады. 11-сынып оқушылары болғандықтан оларды есеп шығаруға төселдіру керек екенін мұғалім ескеріп отырды. Сол себепті сабақ бойына түрлі тәсілдерді қолданып логарифмдік теңдеулерді шешу жолдарын терең меңгеруге жағдай туғызды деп ойлаймын.Оқушылар сабақта белсенді жұмыс атқарды. Сабағынан өзіме қажетті тәсілдерді түртіп алдым. Рахмет.
8.Кишкеев Б.М.: 5-сыныпта өткізген сабағым мақсатына жеттідеп ойлаймын. Сабақ жоспарлауда оқушыларды қызықтыратын тәсілді таңдау арқылы олардың белсенділіктерін көтердім . Сабақта есеп шығару арқылы олар өз білімдерін бекітті. Сонымен бірге оларға сергіту ретінде лоикалық тапсырмаалар орындаттым. Ол тапсырмалар математикалық сауаттылық есептерінен алынды. Себебі бүгінгі білімді өмірмен ұштастыра отырып пайдалану арқылы баланы өмірге бейімдеуге болады деген ойдамын.
9.Утебаева Ф.: Бақытбек ағайдың 5-сыныпта өткізген сабағы маған өте ұнады. Ағайдың ондық бөлшекті жай бөлшекке және жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыруға арналған көрнекі кестелері сабақта оқушы назарына түсетіндей етіп ілініп қойылды. Төменгі сынып оқушылары үшін бұл бір жақсы нәрсе екен. Өткені оқушы көз алдынада тұрады және үнемі көрініп тұрған соң есінде де қалады деп ойлаймын. Бүгін мен өзім өтетін сабаққа осы тәсілді қолдансам деп отырмын.
10. Дидарова Ж.: Бақытбек Мырзахановичтің сабағында оқушылардың топта бірлесіп жұмыс жасауы, тақтада жұмыс жасауы өте ретті жүрді. Оқушы мен мұғалім арасында байланыс жақсы. Мұғалім оқушылардың өзара жұпта жұмыс жасауына да, топта жұмыс жасауына да назар аударып отырады екен. Балалар сабақта жарыса жауап беріп, бір-біріне көмек көрсетіп отырды. Төменгі сынып оқушылары болғандықтан көрнекіліктерді көп қолданды. Бұл да оқушыларға тиімді әсер берді деп ойлаймын.
11. 6-сыныпта өткізілген «Инфо-лига» сайысы туралы бірнеше мұғалім өз пікірлерін білдіре келе жас маман Қасенова Айнураға керемет ұйымдастырып өткізген сайыс сабағы үшін ризашылықтарын білдірді. Өзі жас маман бола тұра Айнура сайыс сабақта оқушылармен өте тартымды етіп өткізгендігі, оқушылардың жоғары белсенділігі, мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігі атап өтілді. Айнураға алдағы уақытта осы бағытта мжұмысын жал,астыра беру ұсынылды.
Күн тәртібіндегі мәселерді қорытындылай келе Сатова Н.С. жоғарыда өткізілген сабақтардың барлығының өз дәрежесінде семинар мақсатына сай өтілгендігін атап өтіп, әр мұғалімнің сабағына өзіндік көзқарасын білдірді:
Шортанбаева Г.Д. –ның 8-а сыныбында өткізген сабағы басынан соңына дейін жүйелі, ретті өткізілді. Сабақ құрылымы мен әдіс-тәсілдердің ұйымдастырылуы жағынан оқушының сыни тұрғыда ойлауын дамытуға, өзіндік білім алуын қамтамасыз етуге негізделген. Сабақ бойында оқушы әрекеті әр қырынан көрініс беріп отырса, мұғалім дер кезінде олардың өзін-өзі бағалауының, рефлексия жасау арқылы қорытынды жасауының жүруіне көңіл аударады. Бір сөбен айтқанда сабақ басқа мұғалімдерге тәжірибеде қолдану үшін басылымдарға жариялауға дайын өте жоғары деңгейде өткізілген сабақ деп бағалаймын.
Баймуханова В.А. сабақ беретін сынып оқушылары өздерінің белсенділіктерін сабақта көрсете алды. Ол әрине мұғалімнің көптен бергі еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген жетістігі деп ойлаймын. Мен семинардың алдында да бұл сыныптың сабақтарына қатысқан болатынмын. Сынып оқушылары керемет белсенділіктерімен көзге түскен. Вера Ақылбековнаға бұл сыныппен алдағы уақытта бұдан да жоғары дәрежедегі сабақтарды ұйымдастырып өткізуге болады деп есептеймін.
Кишкеев Б.М.: Бақытбек ағай тәжірибелі ұстаздардың бірі болғандыұтан бүгінгі сабағы бәріміздің көңілімізден шықтыдеп ойлаймын. Ағай сабақта оқушыларды жұмылдырып жұмыс жасата алды. Олар ондық бөлшектер жайлы білімдерін тереңдетіп, түрлі тапсырмаларды орындай алды. Бақытбек ағай оқушыларды қызықтыратын ойын тәсілдерін де сабақта дұрыс таңдаған. Оқушылардың белсенділігі де сол себепті жоғары болды.
Қасенова А.: Жас маман Айнураға өте жоғары деңгейде өткізген сыныптан тыс іс-шарасы үшін рахмет айтқым келіп отыр. Сабақ басынан аяғына дейін тек мақтауға тұрарлық іс-әрекетке тола болды. Керемет ұйымдастырылған сабақтың соңындағы марапаты да, футбол ойынының математикалық тұрғыда тақтада ұйымдастырылып, безендіріліп өткізілуі де жоғары деңгейде, өте тартымды болды. Жас маманға әрқашан сәттілік тілеймін.
Күн тәртібіндегі мәселені талқалауды аяқтай келе отырыс төмендегідей шешім қабылдады:
Семинар қорытындысы бойынша :
1.Шортанбаева Г.Д. «Квадраттық функцияның анықтамасы, қасиеттері мен графигі» (8-а сынып алгебра) тақырыбында өткізген сабағы «өте жоғары деңгейде өткізілген сабақ»
2.Баймұханова В.А. «Логарифмдік теңдеулер және теңсіздіктер» (11-сынып, алгебра), Кишкеев Б.М. «Ондықбөлшектерді жайбөлшекке айналдыру» (5-сынып математика) «Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру» тақырыптарындағы сабақтары «өте жақсы»
3.Қасенова А. «Инфо-лига» (6-сынып математика) сайысы «өте жоғары деңгейде өткізілген сыныптан тыс сабақ»
деп бағалансын.