Мектеп тарихы » СШ №3 им. Абая
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 5-22-63
Есепші бөлімі:
+7(72636) 5-22-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2019

Мектеп тарихы

Қазіргі Қордай бұрынғы Георгиевка ауылындағы № 2 қазақ-орыс мектебі 1965-66 оқу жылында екі мектепке бөлінді. Ол кездегі мектеп директоры Бұғыбаева Нұржамал еді.

        Бөлінген қазақ мектебіне алғаш Исанов Бақытбек директор болып тағайындалды. Мектеп жанынан 1960 жылы аудандық партия комитетінің шешімімен малшылар балалары үшін интернат іргесі қаланған. Алғашқы жылдары малшылар балаларымен жергілікті қазақ отбасыларынан келген 300 бала білім алды. Интернатта алғаш 37 тәрбиеленуші болса, кейіннен 200-250-ге дейін барды. Ер балалар мен қыздарға арналған екі жатақхана, асхана, қоймалар салынды.  

         1984 жылы орта мектеп типтік жобамен салынған жаңа ғимаратқа көшірілді. Жыл өткен сайын мектептің материалдық базасы нығайып, бала саны да көбейді. Мектептің атауы бірнеше рет өзгерді. Алғашқы ашылуында Абай атындағы орта мектеп. 2000 жылдан бастап № 3 Абай атындағы орта мектеп, 2012 жылдан бастап Абай атындағы № 3 орта мектеп болып аталып келеді.

          Абай атындағы № 3 орта мектепте оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасалынған. Бүгінгі таңда 21 оқу кабинеті, ғалам торға қосылған екі: компьютерлік және мультимедиялық сынып, жаңа үлгідегі физика дәрісханасы, 6 интерактивті тақта, спорт зал, мәжіліс залы, оқушылардың рухани азық алуына лайықты кітап қорына ба» ғалам торға қосылған кітапхана, интернат тәрбиеленушілері мен 1,2 сынып оқушылары тамақтанатын 100 орындық асхана жұмыс істейді.

Похожие публикации: