Мектеп әкімшілігі » СШ №3 им. Абая
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№3 Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 5-22-63
Есепші бөлімі:
+7(72636) 5-22-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мектеп әкімшілігі
04
апрель
2019

Мектеп әкімшілігі

Мектеп директоры  Ш.К.Саурукованың  лауазымдық міндеттері:

Басшылық жасайды:

1. Барлық бағыттағы мектеп жұмысының ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне.

2. Педагогикалық кеңес пен аттестация комиссиясының төрағасы бола отырып, осы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылып өтуіне.

3. Емтихан өткізу және оған дайындық жұмыстарына.

4. Мектептің «Азаматтық қорғаныс» жұмысына

Іске асырады:

Жалпы міндетті оқуды

Қамтамасыз етеді:

1. Педагогикалық кадрларды іріктеуді.

2. Мұғалімдер жүктемесінің дұрыс бөлінуін.

3. Мектептің іс-құжаттарының дұрыс жүргізілуін .

4. Жаңашыл мұғалімдер жұмысы мен пед. кадрлар жұмысының

дұрыс жүргізілуі үшін ыңғайлы жағдайлардың болуын.

Бақылау жасайды:

1. Интернат тәрбиеленушілердің жататын орнына;

2. Күнделікті тамақтарына;

3. Мектеп бойынша әр түрлі есептердің дұрыс жүргізіліп өтуіне;

4. Оқу-тәрбие жұмысына;

5. Мектеп іс-құжаттары мен мұғалімдер және оқушылардың іс-                           

құжаттарына;

6. Медбикенің және диетбикенің жұмысына,

7. Іс-жүргізуші жұмысына

8.Психологтың ,кітапханашының, әлеуметтік педагогтың

жұмысына

Барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға жұмыстар

мен жиналыстарға жауап береді:

1. Мектеп және интернат бойынша барлық бағыттағы жұмыстарға.

2. ОТЖ дұрыс және сапалы жүргізуіне.

3. Жалпы міндетті оқуға.

4. Пед. кадрлармен қамтамасыз етуге.

5. пед, кеңес, әдістемелік кеңес, ДЖК ұйымдастырылуы мен  өткізілуі.

 

 Мектеп директоры қызметін атқарады:

Директор:

1.                  еңбек  демалысына

2.                  бюллетеньге шыққанда

3.                  командировкаға кеткенде

4.                  жиналыстарға кеткенде және т.б. жағдайларда

Басшылық етеді:

1.Емтиханға дайындық жұмыстарына

2.Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға  міндетті білім беру стандартын мектепке енгізілуіне

3. Жалпы мектеп рейтингісін дайындауға

4. Мектеп ұжымын ұйымдастыру жұмыстарына

5. Деңгейлік бағдарла курсынан өткен мұғалімдердің жұмысына

Дайындайды:

1.тарификация құжаттарын

2.0-11    сыныптар үшін оқу жоспарын

3.Перспективалық идеялар мен ұсыныстарды таратуды жүргізеді

Бақылайды:

1.Эксперименттік жұмыстың жүруін

2.Математика ,  физика,   информатика, биология, экология,  география  пәндерінің жүргізілуін, ББД   сапасын  бағдарламаның  орындалуын.

3. Ақы төленетін дәрісханалардың жағдайын

4.9,10 ,11  сынып журналдарының жағдайын

Қамтамасыз етеді:

1.0,1-11 сыныптары аралығында оқу-әдістеме жұмысының  дұрыс   жүруін

2.Мұғалімдердің әр түрлі курстардан өтуін

3. Мектепішілік аттестацияның дұрыс ұйымдастырылып өтуін

4. 9,11 сынып оқушыларының мектеп бітіру туралы құжаттарын дайындауды

Түзеді:

1.каникул кезінде мұғалімдер жұмысы мен еңбек демалысының      графигін;

2.сабақ кестесін, емтихан өткізілу  кестесін;

3.үйірме, үйде  оқыту,факультатив  сабақтарының кестесін.

Жауап береді:

1.ОТЖ –ның мектепте дұрыс жүргізілуіне

2.Мұғалімдердің бірін-бірі ауыстыруына

3.Жалақы құжаттарын дайындауға және өткізуге

4.ДжК хаттамаларының жүргізілуіне

5 .«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет  стандартының орындалуына

 

Мектеп  директорының  оқу  жұмысы  жөніндегі орынбасары

Д.Б. Болатбектің  лауазымдық міндеттері:

 

Басшылық  етеді:

1.Жаңашыл  педагогтар жұмысына.

Ұйымдастырады:

1.Мектептің оқу бағдарламасын жасауды

2.Педкадрлардың өзін-өзі басқаруы мен талдауы бойынша

практикалық    жұмыстарды

3.Әр  жастағы педкадрлар  топтарымен  әдістемелік жұмыстарды

4.Емтиханға дайындық жұмыстарын,ҰБТ-ға дайындық және бағдарлы 

сыныптағы әдістемелік жұмыстарға

5.Пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстарды

6.Дарынды оқушылармен жұмысты

7.Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын

Дайындайды:

 1.Қорытынды және  аралық бақылаулар сараптамасын

2. Оқушылар рейтингісін

Есеп береді:

1.Мектептің қозғалыс есебін

Бақылайды:

1.Қазақ тілі,әдебиеті пәндерінің, даярлық ,бастауыш   сыныбындағы сабақтың жүргізілуін, ББД сапасын, бағдарламаның орындалуын.

2.0- 4 сынып  журналдарының жағдайын, осы сыныптардағы ОТЖ

жағдайын.

Қамтамасыз  етеді:

  1.Аралық және қорытынды бақылаулардың талдауын және  сол  

бойынша  сәйкес  құжаттарды

  2.ОҒҚ  жұмысының ұйымдастырылуын

  3.ДЖК және мектептің  әдістемелік –ұйымдастырушылық істерінің

   материалдарын дайындауды

4. Олипиада жұмыстарының жүруін

Жауап  береді:

1.           Факультатив, қосымша сабақтарға

2.           Үлгермеушілермен  жұмыстың  жүргізілуіне

3.           ОТЖ-ның жүргізілуіне

4.           Күзгі сынаққа қалдырылған  оқушылармен  жұмысқа

5.            «Жалпыға міндетті білім беру» шатабының хаттамаларының 

      жүргізілуіне

6. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат                 нысанында  оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет           стандартының орындалуына

 

Мектеп  директорының  оқу  жұмысы  жөніндегі орынбасары

А.А. Молдабаеваның лауазымдық міндеттері:

Басшылық етеді:

 

1.Әдістемелік кеңес төрағасы бола отырып әдістемелік кеңеске

2. Жаңашыл педагогтар жұмысына

 

Ұйымдастырады:

1.ОЖСБ-ға,олипиадаға дайындық жұмыстарының жүруін

2.Әдістемелік апталықтар,байқаулар,семинарлардың  дұрыс  ұйымдастырылып өтуін

3.Педкадрлардың өзін-өзі басқаруы мен талдауы бойынша      ЖММ 

          жұмысын

4.Мұғалімдердің ғылыми зерттеу жобаларын дайындауын

 

Бақылайды:

1.Эксперименттік жұмыстың жүруін

2.Орыс тілі,шет тілі, тарих, өзін-өзітану,  химия,сызу пәндерінің    жүргізілуін, ББД сапасын.

3.Осы пәндер бойынша  бағдарламаның орындалуын

 4. 5- 8  сынып журналдарының жағдайын

5. Әдістемелік бірлестіктердің жұмысын

6. «Үздік куәлік», «үздік аттестат», «Алтын белгіге» үміткер оқушылармен жұмысты

Қамтамасыз етеді:

1.0,1-11 сыныптары аралығында оқу-әдістеме жұмысының  дұрыс   жүруін

2.Мектепішілік бақылау қорытындылары бойынша құжаттардың   дайындалуын

3.Пед, кеңес, әдістемелік кеңес  ұйымдастырылуы мен  өткізілуі

4.Аудандық әдістемелік кабинетпен   байланыс  жүргізе отырып   

мұғалімдердің   аудандық  семинарға қатысуын

5.Пед. диагностика

6. ОЖСБ-ға  дайындық жұмыстарының жүруін

Дайындайды:

1.Мұғалімдер рейтингісін

Жауап береді:

 

1.Қолданбалы,таңдау курстарының өткізілуіне

2. ПК,ӘК хаттамаларының жүргізілуіне

3. Әдістемелік бөлменің жағдайына

 

Есеп береді:

1.Педкадрлар, РИК-83 есебін , сапалық құрамы

2.Пәндердің сапасы  бойынша мониторинг дайындайды және есеп

береді.

 

 

 

 

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары

С.А. Баденованың  лауазымдық міндеттері:

 

Басшылық  етеді:

1. Тәлімгердің жұмысына

2. Сынып жетекшілерін ӘБ –не;

3. Мектеп жанындағы интернаттың жұмысына

4. Мектептің қамқоршылық кеңесіне

 

  Ұйымдастырады:

 

1.Мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің педагогикалық негізделген және   әлеуметтік маңызды тәрбие жасау жөніндегі жұмыстарды ;

2. Кеңестермен және орталықтармен жұмысты ;

3. Сынып жетекшілеріне әдістемелік көмекті.

4.Мектепішілік ата-аналар жиналысының өткізілуіне

5.Мектеп ғимаратына мұғалімдер кезекшілігін ұйымдастырады.

Дайындайды:

1.Сыныптардың, сынып жетекшілердің рейтингісін

Бақылайды:

 

1.Мектепте оқушылармен мұғалімдердің кезекшілігін 

бақылайды.

2.Ата-аналар университетінің жұмысын

3.Мектепте оқушылардың тәрбие ісі жөніндегі кіші бағдарламалардың орындалуы жұмыстарын

4.Саз өнері,технология , бейнелеу пәндерінің  жүргізілуін

5. Дәрісханалардың тазалығын

 

Жауапты:

 

1.Мектептің тәрбие жүйесін (МТЖ) қалыптастыру, осы жұмысты талдау және  жетекшілерінің қызмет-әрекеттерін бақылау жөніндегі жұмысты жоспарлауға;

4. Өз құзыры шегіндегі құжаттарды жүргізуге жауапты

5.Сыныптардағы, мектеп айналасындағы сенбіліктің өтуіне

6.Үйірменің өтуіне

7.Мектепішілік жазғы сауықтыру лагерінің жұмысына

8. «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартының  мектепте  орындалуына

 

Директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары

Е.Ж. Мықтыбековтің  лауазымдық міндеттері:

 

Басшылық етеді:

1.Мектеп инспекторының жұмысына;

3. Мектептің «Азаматтық қорғаныс» жұмысына

Ұйымдастырады:

1.Тәртіп бұзушылықты болдырмау шараларын;

2.Тәртіптік кеңестерді құру және жұмыстарын жоспарлау;

3.Есепте тұрған оқушылармен жұмысты;

4.Есепте тұрған оқушылардың үйірмеге қатысуын;

5.Есепте тұрған оқушылардың ата-анасымен жұмысты;

6.Мұғалімдермен,оқушылармен құқықтық тәрбие лекциялары;

7.Мектепішілік тәртіп сақтау тобының жұмысын;

8.Сынып жетекшілерімен, кеңес мүшелерімен, мектеп инспекторы және психологпен, тәртіп сақтау тобы мушелерімен бірлесе тиісті орындарғарейдтерді;

9.Құқықтық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты;

10.Құқықтық тәрбие бойынша семинарлар,тақырыптық іс-шаралар;

11.Дін бойынша жұмысты;

13.Салауатты өмір салты орталығымен бірлескен жұмысты;

14.Есірткіге қарсы күрес және зиянды заттардың алдын алу жұмыстарын;

15.Наркология орталығымен бірлесе жұмыс атқаруды;

16.Сынып жетекшілерге әдістемелік көмекті;

17. Оқушылардың жазғы демалысын ;

18.Кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияға, АІІБ-мен

бірлескен жұмысты.

Бақылайды:

1.Оқушылардың сабаққа қатысуын;

2.Есепке алынған оқушылардың сабаққа келуін;

3.Шырқы бұзылған жанұяны қадағалау,тиісті шара қолдану;

4. Дене шынықтыру,АӘД  пәндерінің   жүргізілуін, ББД сапасын.

5.«Жолда жүру ережесі» сабақтарының жүргізілуін

6. «Жас жол инспекторлар», «Жас полиция көмекшілері», «Өрт сөндірушілер» топтарының  дайындығын

Жауапты:

1. Қиын оқушыларды, оқушылардың «тәуекел» топтарын

анықтау жұмыстарына

2.«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және  мектеп жанындағы    

 лагерьлерде демалуы үшін құжаттар   қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік  көрсетілетін қызмет стандартының орындалуына

3. Мөлтек ауданды аралауға және есеп беруге

Есеп береді:

1.9,11 сынып түлектердің еңбекпен қамтамасыз етілуінің есебін

Мектеп әкімшілігі

Похожие публикации:

07 ноябрь 2019 Мектеп тарихы