Балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі ұстауы. » СШ №3 им. Абая
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 5-22-63
Есепші бөлімі:
+7(72636) 5-22-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі ұстауы.
19
февраль
2019

Балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі ұстауы.

balalar-men-zhassprmderd-zn-z-stauy.doc [1,62 Mb] (cкачиваний: 14)
Посмотреть онлайн файл: balalar-men-zhassprmderd-zn-z-stauy.doc
Сабақтың тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі ұстауы.
Сабақтың мақсаты: а)оқушыларға өзін -өзі бағалауда ерік-жігердің, адамгершіліктің, мақсаттың, күш-қуат және сана - сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
ә)оқушылардың өз-өзін бағалауын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту.
б)оқушыларды табандылыққа, төзімділікке, жігерлікке, қажырлыққа ерік- күшінің мықтылығына және өзін бағалауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: пікірлесу Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын. Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар. нақыл сөздер. үлестірме қағаздар т.б.
Түрі: Сұрақ-жауап,мақал-мәтелдер.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,видеолар,суреттер,нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.(Психологиялық дайындық.)
Тәрбиеленушілер хормен амандасады.
Тәрбиеленушілерді топқа бөлу: I-Алғыр; II-Білгір; III-Болашақ
Өзіңді өзің тәрбиелеу - өмір талабы. Адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз- жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білуі. Әр адам - жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар.
Осыған дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің керек, Орташа қабілетті және жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ, еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін -өзі тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеті мол болуы керек.
II.3-топ.мақал-мәтелдердің сөздерін табу.
III. "Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы" тақырыптағы видео роликтен үзінді көрсету.
1. .Тәртіпті мен тәртіпсіз баланың қандай кемшіліктерімен жақсы қасиеттерін білдіңдер?
2. Тәртіпсіз бала мектепте қандай іс-әрекеттер жасады?
3. Сендер осы тәртіпсіз баланың жолдасы болсаңдар,қандай көмек берер едіңіздер?
4. Бұл видеодан не түсіндіңдер?
5. Күн сайын өзіне-өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме?
6. Сендер өз-өздеріне есеп бересіңдер ме?
Басқалардан өзгеше болу - кемшілік емес, әр адам әр түрлі болады. Әркім өзінше сұлу, әрі әдемі. Ең бастысы- қасындағы адаммен сеніммен араласу, жақын болу. Кешірімді болу және саған ол адаммен араласудың, сыйласудың жағымды болуы.
• «Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал: Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»


IV. Жалғасын...(мақалдардың жалғасын табу)
Топтық жұмыс:
Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі- адал болып өскенің.Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің, Әсемпаздық дегенің – әуре сарсаң әлегің. Ия, тәртіпті, тәрбиелі болу – бәрімізге ортақ қағида. Келесі кезекте, Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
Әдепті бала-
Әдептілік белгісі-
Тәрбиелі адам-
Атаңа не қылсаң –
Жақсы бала сүйік-
Әдепсіз өскен адамнан-
Жеті атасын білмеген-
Ұяда не көрсең...
Ұлық болсаң –
Ашу – ... , ақыл -...
Серігіту сәті:
Басқалардан өзгеше болу - кемшілік емес, әр адам әр түрлі болады. Әркім өзінше сұлу, әрі әдемі. Ең бастысы- қасындағы адаммен сеніммен араласу, жақын болу. Кешірімді болу және саған ол адаммен араласудың, сыйласудың жағымды болуы.
• «Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал: Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»
V.Сұрақ - жауап:
1. Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?
2. Өзіңді тану дегенді қалай түсінесің?
3. Үлкенді сыйлау дегенді қалай түсінесің?
4. Басқаның еңбегін бағалай білесің бе?
5. Өзін -өзі бағалау дегенді қалай түсінесің?
6. Өзіңнің туған ауылыңды, жақын адамдарыңды жақсы көресің бе?
7. Сен мейрімдісің бе?
8. Ата-ана, ұстаз сен үшін кім?
Осыған байланысты әр топқа адамгершілікке байланысты сұрақтар қойып пікірлеседі.
• «Өзіңді - өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру - ерік, қайраттың бірінші қайнар бұлағы»
• «Өзіңді-өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді-өзің қатал, әрі әділ сотыңа тарта білуің керек»
• «Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс»
• «... адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне түзу жолға түсуіне бірінші шарт»
VI.Қорытынды:Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала


тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз. Тәрбиелеген әрбір балаларымыз – еліміздің мәртебесін асқақтатар ұландары бола берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Балалар, сендер де әдепті, тәртіпті, мәдениетті оқушы болып, жарқын болашағымыздың ертеңі болыңдар!


Похожие публикации:

07 ноябрь 2019 Мектеп тарихы