25
май
2026
Соңғы қоңырау
ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ.
25 - мамыр мектеп түлектері үшін ерекше күн. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде “Мың алғыс саған, мектебім!” тақырыбында оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға зейнеткер ұстаз
Садуақасова Асылбүбі Құдайбергенқызы, Қордай ауданының білім бөлімінің әдіскері
Уйсимбаева Алия Ермековна қатысып, мектеп ұжымын және жас түлектерді құттықтады.
2025-2026 оқу жылын 452 білім алушы аяқтап отыр, оның ішінде 77 оқушы 9-сыныпты, 38 оқушы 11-сыныпты тәмамдады.
Оқу жылын үздік аяқтаған 2-4 сынып оқушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оқу жылының қорытындысы бойынша “Жыл оқушысы -2026” номинациясымен 10 “Ә” сынып оқушысы Раманқұл Айдана аталса, “Жыл спортшысы - 2026” номинациясымен 10-сынып оқушылары: Маусунова Аружан, Календерова Айдана, Қоңырбаева Мерей, Садуақас Арай, Кунглим Айнұр атанды.
Барша түлектерге сәттілік, биік белес пен жарқын болашақ тілейміз.