04
февраль
2026
“Үздік оқырман” байқауы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің мәжіліс залында 2026 жылдың 02 ақпан күні 8–10 сынып оқушылары арасында “Үздік оқырман” байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды кітап оқу өнеріне баулу, дүниетанымын кеңейту, білімдерін сарқып білуге жетелеу, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда кітапты тиімді пайдалануға үйрету.
Байқауға 8–10 сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің кітап оқу мәдениеті мен танымдық деңгейін көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені 10 «Ә» сынып оқушысы Раманқұл Айдана,
1-орынды 9 «Ә» сынып оқушысы Жалғас Мая, 2-орынды 10 «А» сынып оқушысы Қалдыбек Айша, 3-орынды 9 «А» сынып оқушысы Сабырбек Кәусар алды.