17
апрель
2026
“Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының қабілетін арттыру” тақырыбында аудандық семинар
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде “Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының қабілетін арттыру” тақырыбында аудандық семинар өтті. Аудандық семинарда өз іс - тәжірибесімен бастауыш сынып мұғалімдері Жанбаева М.К., Аникбаева М.К., Даупаева Г.С. бөлісті. Мектеп директоры Динара Болатбек бастауыш сынып мұғалімдерімен педагогикалық воркшоп өткізді.