08
апрель
2026
“SMART LEADER” жас директорлар арасында аудандық байқаудың тәжірибелік бөлімі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде “SMART LEADER” жас директорлар арасында аудандық байқаудың тәжірибелік бөлімі өтті. Тәжірибелік бөлімде мектеп басшысы Болатбек Динара Болатбекқызы “Бақытты бала” жобасы аясында өз іс- тәжірибесімен бөлісті. Химия пәні мұғалімі Молдабаева Аида Адильбековна, бастауыш сынып мұғалімі Турабаева Мадина Абдуллаевна ашық сабақтар көрсетті. Мектеп кітапханашысы Жаксымбетова Анель Багдатовна, мектеп тәлімгері Икатова Айдана Елдібайқызы білім алушылар арасында көңілді үзіліс ұйымдастырды.