«Ақ шағала» хореография фестиваль-байқауы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөліміне қарасты №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 2026 жылдың 25 ақпан күні мектеп оқушылары арасында «Ақ шағала» хореография фестиваль-байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, би өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, сахна мәдениетін қалыптастыру. Фестиваль-байқау барысында қатысушылар әртүрлі жанрдағы би қойылымдарын ұсынып, өз өнерлерін ортаға салды.