аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек
Наурыз айында Жамбыл облысы әкімдігінің Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің 8 а,9ә,11ә сынып оқушылары көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті. Жақсылық жасау – үлкен байлық емес, үлкен жүректі қажет етеді. Біреуге көмектесу, жылы сөз айту, қол ұшын беру — бәрі де жүректен шықса ғана шынайы болады. Жақсылық әрқашан жүректен жүрекке жетеді.