Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған әдеби кеш
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің кітапханасында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, ұлттық балалар әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесі туралы мол мағлұмат алды. Кеш оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыруға, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге бағытталды.