Ыстық Тамақ
№ 3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп
Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына 46-қосымшасын ескере отырып, асхана мен білім беру объектісінің қызметкерлері арасында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында:
1. Асханаға кіреберісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделеді, олар көрінетін және қолжетімді жерлерде орнатылады.
2. Бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында асхана тек оқушыларға, оқытушылар құрамына және білім беру объектісінің персоналына ғана қызмет көрсетеді.
3. Асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатынан 30%-дан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
4. Үстелдерді, орындықтарды орналастыруды үстелдер арасындағы және келушілер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты қамтамасыз етуді ескере отырып жүргізеді.
5. Асханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету типі бойынша тарату жүргізілмейді. Оқушылар арасында кемінде 2 метр қашықтық сақтала отырып, 5 адамнан артық кезек құрылмауы қажет.
6. Мектеп асханасын бақылауды және кезекшілікті ұйымдастыруға әлеуметтік педагог Г.Н.Аширметова жауапты , ыстық тамақтың сапасына жауапты қызметкер мектеп медбикесі Г.Амеркулова.
7. Асхананың жұмыс режимі тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) тамақтану залын жинау және дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.
Күніне бір рет ақысыз ыстық тамақпен , әлеуметтік жағдайларына байланысты оқушылардың жалпы саны 60 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Әлеуметтік педагог Аширметова Г.Н.