12
ноябрь
2025
“Заң және тәртіп”, “Буллингтің салдары” тақырыптарында профилактикалық кездесу
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 8-10 сынып оқушыларымен “Заң және тәртіп”, “Буллингтің салдары” тақырыптарында профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге “Ақсұңқар” ЖҚБ-нің менеджері Әбдиев Еркін Қайырбекұлы, Қордай АПБ жергілікті полиция бөлімінің полиция лейтенанты Курбанов А.А. қатысып, түсіндіру жұұмыстарын жүргізді.