23
апрель
2026
Алматы Гуманитарлық-Экономикалық Университеті өкілдерінің қатысуымен кездесу
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде кәсіптік бағдар беру мақсатында Алматы Гуманитарлық-Экономикалық Университеті өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға 9, 10, 11-сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға университет және колледж туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Атап айтқанда, оқу орындарындағы мамандықтар, білім беру бағыттары, оқу шарттары мен қабылдау талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы айтылып, оқушыларға бағыт-бағдар берілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Кездесу барысында мамандық таңдауға байланысты пайдалы кеңестер беріліп, кәсіптік бағдар жұмыстары тиімді деңгейде өткізілді.
Іс-шара оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, олардың саналы таңдау жасауына ықпал етті.