10
апрель
2026
«Бақытты бала болу үшін ең маңыздысы – отбасындағы жылулық па, әлде материалдық жағдай ма?» тақырыбында дебат
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөліміне қарасты №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 2026 жылдың 10 сәуір күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Бақытты бала» жобасы аясында «Бақытты бала болу үшін ең маңыздысы – отбасындағы жылулық па, әлде материалдық жағдай ма?» тақырыбында дебат өтті. Дебаттың мақсаты: Оқушыларға бақыт ұғымын терең түсіндіру, өз ойын еркін жеткізуге, дәлелдеуге және қарсы пікірді сыйлауға үйрету. Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,отбасы құндылықтарын дәріптеу.