М.Мақатаев челлендж
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілері арасында челлендж ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты – ақынның шығармаларын насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу. Тәрбиеленушілер Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын шығармашылығына деген құрметтерін көрсетті. Мұқағали жырлары – мәңгілік, жүректерде жаңғыра бермек.