ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРҒА ДӘЙЕКТІ ЖАУАП » СШ №3 им. Абая
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 5-22-63
Есепші бөлімі:
+7(72636) 5-22-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРҒА ДӘЙЕКТІ ЖАУАП
05
октябрь
2022

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРҒА ДӘЙЕКТІ ЖАУАП

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ӨЗЕКТІ  СҰРАҚТАРҒА ДӘЙЕКТІ ЖАУАПЕлімізде 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 7 қазан 18.00-дегі жағдай бойынша Мемлекет басшысы лауазымына 4 кандидат ұсынылды. 1. Биылғы президент сайлауының ерекшелігі неде?

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Әділетті Қазақстан құру жолында кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа сенім мандаты қажет екенін атап өтті. Сонымен қоса өкілеттілігінің мерзімі жайлы да ұсыныс білдірді. Бұдан былай Қазақстан Республикасының президенті бір мерзімге ғана – 7 жылға сайланады. Яғни жеті жылдан кейін президент болған адам қайтадан сайлауға қатыса алмайды.

«Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын», – деді өз Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осылайша Президент «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау» туралы Жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс сайлау 2022 жылдың 20 қараша күні өтетін болды. Осыған орай Президент Қазақстан халқына үндеу жолдады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Сонымен қоса ол сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік берді.