Бос жұмыс орны » СШ №3 им. Абая
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 5-22-63
Есепші бөлімі:
+7(72636) 5-22-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос жұмыс орны
29
сентябрь
2022

Бос жұмыс орны

️”Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің “№ 3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі” КММ  КОНКУРС жариялайды:  


📚2022-2023 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау  1.10-31.10. 2022 ж  аралығында жүргізіледі.


📚Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының  (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.


📚Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және мектебіміздің ресми сайтына (3-kordai.mektebi.kz)жарияланады.


📚Конкурс төмендегідей  бос орынға жүргізіледі:

- тәлімгер 1 бірлік ( декреттік демалыс орнына, уақытша)

-Математика пәні мұғалімі 18 сағат


📚Конкурс өткізілетін мекеменің мекен-жайы: Қордай ауылы, Н.Айтеков көшесі 8. Анықтама байланыс телефоны: 4-69-34


📚Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1)  конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)  жеке басын куәландыратын құжат;

3)  кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8)наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты  немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).